KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Ирак соңғы 30 жылда алғаш рет мұнай өндірісінің рекордтық деңгейіне жетті

5.03.2012, 18:00 264


Иракта 30 жылда алғаш рет мұнай өндірісі тәулігіне 3 миллион баррельге жетті. Мұнай өнеркәсібі министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, 1979 жылы осындай ең жоғары межеге қол жеткізілген болатын.

Соңғы жылдары республикада «қара алтын» өндірісінің тұрақты өсімі тіркелді. 2011 жылдың қорытындысы бойынша, Иракта орташа есеппен тәулігіне 2,7 миллион баррельден сәл аз шикізат өндірілген.

Өндірістік көрсеткіштердің арта түсуі мұнай шикізатының экспортына да оң әсер ететін болады. Оның үстіне ЕО мен АҚШ Иран мұнайына санкция енгізген тұста бұл аса маңызды болмақ.

Атап өтерлігі, 2012 жлғы қаңтарда Ирак тәулігіне 2,1 млн. баррель мұнай экспорттады. Өткен жылы Ирактан мұнай сатып алушылар қатарында Италия, Ұлыбритания, Корея, АҚШ, Қытай және басқа да елдерде орналасқан компаниялар болды.

Елдегі мұнай өндірісі үш жылдың ішінде екі есе артатын болады, деп мәлімдеді Ирактың мұнай өнеркәсібі министрі Абдул-Карим Луайби. Ал ұзақмерзімді мақсатты көрсеткіш тәулігіне оны 12 млн. баррельге жеткізу болмақ.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив