KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, З
481.19 538.45 5.18

Бекіре балығын Шығыс Қазақстанда көбейтпекші

29.07.2013, 18:00 173


С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми зертхана орталығының қызметкерлері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, бекіре балығын өсіріп, көбейту туралы келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Университет жанындағы ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі департамент директоры Анар Мырзағалиеваның айтуынша, келесі жылдан бастап бекіре балықтары аймақтағы су қоймаларына жіберілмек. Бекіренің біздегі су қоймаларында емін-еркін өсіп-өнуі үшін біршама табиғи жағдайлар қажет. Бұдан бірнеше жыл бұрын Зайсан көліне бекіре балықтары жіберілген де екен. Алайда, балықтар жерсінбей, азайып кеткен. Оған қандай фактор әсер етті? Қазір университет мамандары сол жағдайларды анықтап, балықтарды жерсіндірудің, көбейтудің жолдарын қарастыруда.

Университеттегі ғылыми зертхана орталығында ауыл шаруашылығы дақылдарын шірік ауруынан сақтау бағытында да жаңа жоба жасалып отыр. Жаңа тәсіл «Екімбаев» шаруа қожалығында тәжірибелік сынақтан өткізілуде.

Жанаргүл Мұқатай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив