KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскеменде Масленица мерекесі атап өтілді

26.02.2012, 18:00 192


Өскемен Масленица мерекесі тойланды. Қысты шығарып салуға арналған мерекеге қала орталығында мыңдаған халық жиналды.
Мереке барысында театрланған қойылымдар қойылып, концерттік бағдарлама мен дәмді тағамдар жиылған жұртшылықтың назарын аулады. Маленицаны жергілікті халық ірімшікпен, құймақпен және дәмді тоқаштармен қарсы алды.

Мерекелік ән-думанға Өскеменнің фольклорлық-этнографикалық және вокалдық ұжымдары қатысты.

Көше бойы жүріп өткен сайқымазақтар, ертегі кейіпкерлері мерекелік шеруге ерекше рең берді. Республика алаңында жәрмеңке ұйымдастырлып, спорттық жарыстар өтті.

Масленица қуыршағын жағу дәстүрі мерекенің шарықтау шегі болды. Бұл жоралғы қыстың аяқталып, көктемнің келгенін білдірсе керек.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив