KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскемендегі Масленица мерекесі осылай өтті

11.03.2019, 08:38 128

Облыс орталығында Масленица мерекесі ауқымды түрде аталып өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары дәстүр бойынша Ертістің жағалауындағы амфитеатрға жиналып қақаған қысты шығарып салды.

 

Жиылған қауымның назарына облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен арнайы мерекелік концерт ұсынылды. Сонымен қатар, түрлі қызық ойындар мен бәсекеге толы спорттық жарыстар, тұрғындардың көңілін марқайтып, дәстүрлі жәрмеңке де өз жалғасын тапты.

 

 Масленица славяндардың мерекесі болып есептелгенімен, өңірімізде бұл мейрамды атап өтетін этностардың саны жыл сайын артуда. Дәл осындай мерекелік шаралар еліміздегі этностардың айрандай ұюына, ауызбіршілігінің одан ары нығаюына атқарар рөлі зор, - деген облыстық Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков өскемендіктерді мерекемен құттықтады.

 

Жалпы, қыспен қоштасу рәсімінің айтпаса да белгілі тағы бір өзіндік ерекшелігі бар, ол – шуақты күнді сипаттайтын тәтті құймақтар. Ертістің жағасына жиналған халықтың көңілінен өтіп жатқан шара ғана емес, дәмді пісірілген құймақтар да шықты. Құймақтан бөлек түрлі тәттілер, онымен қоса шеберлердің қолынан шыққан өнер туындылары мейрамның тұздығына айналды.

 

  – Масленица – ол жаңару мен тазалықтың символына айналған дәстүрлі мейрам. Көктемнің шуақты күндеріне жетелейтін бұл шара адамдарды бір-біріне жақындатады. Түрлі этностардың бауырласып, бірге жүргенін көріп,  іштей қуанасың, – дейді қала тұрғыны Гафур Мұкатаев

 

Мерекенің соңында әдеттегідей тұлып өртеліп, жиылған әр адам осы бір жалынмен қаһарлы қыстың кетіп, шуақты күндердің келеріне бек сенді.

 

Балауса Қожаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив