KZ
Өскемен
+29°
переменная облачность жел 5 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Орыс халқының Масленица мерекесі жексенбі күні Семейде кеңінен аталып өтілді

19.02.2018, 04:36 382

Семейдегі Орталық саябақта қаладағы Достық үйінің түрлі этно-мәдени орталықтары  Масленица мерекесін тойлады. Мейрамды орыс-мәдени ұлттық орталығы мен казактар орталығы, Достық  үйінің өкілдері бірігіп ұйымдастырды. Мұнда қала тұрғындарына арнап, мыңдаған құймақ пісірілді.


-Біз ынтымақ бірлігі артқан Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз,-деді Достық үйінің директоры Берік Көпбаев,-сондықтан да барлық шараларды бірлесе  атқарғанды жөн көреміз. Өзара сыйластық, әріптестік біздің басты қағидамыз. Орыс халқының Масленица, татарлардың Сабантой, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, бәрімізге ортақ Жеңіс күні сияқты мерекелерді халық боп атап өтуге және «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер», «Прииртышские напевы» байқауларының ұйымдастырылуына арнайы көңіл бөлеміз. Достық үйі қабырғасында ұлттық-мәдени орталықтар жұмыстарына қаламыздың атқарушы билігі тарапынан белсенді қолдау көрсетіліп келеді.. Масленицаны жыл сайын Семей қаласында, осындай кең ауқымды шара ғып өткізуді қолға алғанымыз, тіпті дәстүрге айналды десек те болады.


Масленицада құймақтар ірімшікпен, балмен, етпен дейсіз бе, түр-түрімен пісіріліп әкеліпті. Масленица православ дініндегілердің ұлы ауыз бекітуіне дейінгі жеті күнге дейін созылатын мерекесі. Сондықтан славян ұлттарында ауыз бекітер алдында адамдар көңіл көтеріп, тәтті құймаққа тойып алу керек деген ұғым бар.


- Күннің аяз екендігіне қарамастан қала тұрғындары мен қонақтары «Қар құрсауы», «Ең жылдам», «Орыс моншасы» конкурстарына қатысып, «Халықтық ардагерлер хоры», «Русская песня» әншілер қатысқан мерекелік концертті тамашалауда,-деді концерттік бағдарламаны жүргізуші Лена Тимофеева,-әрбір семейлік тәтті құймақтан ауыз тиді. Біздің қалада 80 ұлттың өкілдері тұрады, олар осылайша әр мерекесін бірлесіп өткізеді.

Қала тұрғындарын және қонақтарды қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова  құттықтап,  мерекеге қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, бақыт және сәттілік тіледі. Мәдени шара қысты шығарып салу, көктемді қарсы алу белгісі- Масленицаны жағумен аяқталды.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив