KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Семейдегі көшелердің біріне Д.Қонаевтың атын беру қажет

29.02.2012, 18:00 160


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенттері қаладағы көшелердің біріне Дінмұхаммед Қонаевтың атын беруді ұсынып отыр.

Жастар бұл ұсыныстарын Д.Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «дөңгелек үстел» отырысында жария етті. «Дінмұхаммед Қонаевтың өмірі мен мемлекеттік қызметі - бүгінгі жастар үшін үлгі-өнеге. Бүгінде Қазақстанның біраз қалаларында, оның ішінде елордасы - Астана қаласында да Д.Қонаев атындағы көше бар. Біздіңше, Семей қаласындағы көшелердің біріне де Қонаевтың атын беру қажет» - дейді «Нұр Отан» ХДП-сы «Жас қанат» жастар қанатының Семейдегі көшбасшысы Олжас Шәріпбеков.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив