KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

Бұл мақала өзі туралы емес

20.02.2012, 18:00 321


Құмарбек ағамыз сонау бір жылдары әжептәуір сырқаттанып, біраз уақыт үйден шықпай жатып та қалған болатын. Сол тұста ол сазгер Көшеров Оралхан жайлы пікір-ойларын қағаз бетіне түсіріп, аудандық «Рауан» газетінің бетінде жариялаған еді.

Енесі газеттің жаңа нөмірін қолына алса, «Қ.Қалиев» деп күйеубаласының мақаласы шыққанын көреді. Көзі нашар көретін қарт адам тақырыбына көз жүгіртсе «Ор...» аяғының «...ой» болып аяқталғанын байқаған бойда жылап жіберген екен. Сырттан кірген шалы шошып қалып, «Өй, не болды саған?» демей ме. Сонда апамыз:
- Оқышы андағы газетті, Құмарбек «орнымнан тұра алмай қалдым ғой!» деп мұң-зарын жазып қойыпты, - деп өксіп-өксіп жіберіпті. Шалы газетті қолына алып қарайды да:
- Ой, алжыған неме, «Оралхан туралы ой» деп әлгі қайтыс болған композиторды жазыпты, өзі туралы емес бұл мақала, - деп әрең жұбатып алған екен.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив