KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
442.05 474.14 4.74

Өскеменде үкіметтік делегация еңбек ұжымдарымен кездесу өткізеді

21.02.2012, 18:00 145


Өскемен қаласына жұмыс сапарымен ҚР Индустрия жыне жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның президенті Асқар Мамин келді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аймаққа сапар жасау мақсаты - ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру.

Делегация қаланың кәсіпорындарына барып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді. Жұмыс кездесулерінің бағдарламасында «Шығысмашзауыты» АҚ, «Қазцинк» ЖШС, «Өскемен конденсаторлық зауыты» АҚ, Защита стансасы, «КЭМОНТ» бар.

Сондай-ақ «Востказнедра» аймақаралық аумақтық департаментінде Шығыс Қазақстанның кен пайдаланушыларымен кеңес болады.

Күннің екінші жартысында облыстық әкімдікте Ә.Исекешев, А.Мамин және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен облыстың бизнес құрылымдары өкілдерімен жиналыс өтіп, мұнда негізгі назар ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге аударылады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив