KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Қазақстан Мемлекеттік органдарының басшылары олардың ведомстваларында сыбайлас жемқорлық деректері анықталған жағдайда отставкаға кетеді

20.02.2012, 18:00 137


Мемлекеттік органдар басшылары қол астындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлықта айыпталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда отставкаға кетуге мәжбүр болады. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына түзетулердің ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұсынған мұндай бөлімін ведомства төрағасы Әлихан Бәйменов АстанадаҮкімет отырысы барысында сөз етті.

«…Біз мемлекеттік органдарға жіберген заң жобасында саяси және мемлекеттік қызметкер болып табылатын мемлекеттік органдар басшыларының міндеттерін қарастырдық, олардың қол астындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлықта айыпталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда отставкаға кетеді.

Мұндай жағдайда отставка қабылдануы немесе қабылданбауы мүмкін. Бұл аталған саяси мемлекеттік қызметкерді тағайындаған тұлғаның қарауына беріледі», - деді Ә.Бәйменов.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан жаңалықтары




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив