KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Полиция қызметкерлері 83 жастағы қарияның жанып кеткен мәйітін тапты

13.05.2013, 18:00 180


Шығыс Қазақстанда өрт кезінде 83 жастағы қария жанып кетті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Глубокое ауданында жеке меншік үйде шыққан өртті сөндіруге келген құтқарушылар жатын бөлменің от құшағына оранғанын көреді.

Бөлменің ағаш құрандылары, төсек-орын түгел жанып кеткен.

Өрт сөндірушілер келгенше ғимаратты тексеру кезінде полиция қызметкерлері 1930 жылы туған үй иесінің жанып кеткен мәйітін тапты.

Өрттің шығу себебі ретінде отты абайсыз қолданған деген болжам тексерілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив