KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Шығыс Қазақстан облысында шыққан өрттен екі адам қаза тапты

10.03.2013, 18:00 214


Шығыс Қазақстан облысында шыққан өрттен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз парағында адам шығынына әкеліп соққан бақытсыз оқиғалар Өскемен қаласы мен Глубюокое ауданындағы Тарханка ауылында орын алғаны айтылған.

Облыс орталығындағы жеке меншік үйде шыққан өртке өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде ғимараттың төбесі, ағаш бөліктері, есік-терезелері, ішіндегі жиһаздары мен заттары түгелімен оттың құшағына оранған болатын. Үйдің ішін тексерген кезде мамандар төсектің жанынан жанып кеткен ер адамның денесін табады. Болжам бойынша бұл 43 жастағы үй иесінің мүрдесі.

Қазір өрт ішімдік ішіп алып темекі шегуден шыққан деген болжам тексерілуде.

Глубокое ауданы Тарханка ауылындағы жеке меншік үй өрт сөндірушілер келгенше толық жанып үлгерген. Дабыл бойынша жеткен өрт сөндірушілер бір бөлмелі ағаш үйдің еденінен жанып кеткен адамның денесін табады. Қазіргі уақытта қаза тапқан адамның кім екені және өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив