KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Асыл тастар айықтыра ма, әлде...

16.02.2012, 18:00 195


Ғалымдар асыл тастардағы әрбір түстің белгілі бір қасиеті бар екенін айтады. Мысалы, қызыл түсті тас адамға молшылық пен үндестік сыйласа, көк түс жаймашуақ тыныштықты тарту етеді. Қызғылт сары мен жасыл түс денсаулықтың кепілі ретінде қандай да бір сырқаттан тезірек айығуға дәнекер болады екен. Сары түс өсу мен өркендеудің белгісі болса, ақ түс қашан да бейтарап, ортақ түс саналады.
Әр түстің бойындағы қуаты мен айшықтығы тастың тазалығы мен сапасына байланысты. Қыз-келіншектер әшекей іздегенде көбіне өздеріне лайық түсті таңдай білгенімен, кейде сән қуамын деп денсаулығына кері әсер ететін тастарды да тағынып алатыны бар. Мәселен, мысық көзді (кошачья глаза) немесе көгілдір жақұт (сапфир) тастарды ұдайы тастамай тағыну қан температурасын анағұрлым азайтып, жүректің қуаты мен жылуын өз бойына жиып алатын көрінеді. Ал тасқын қуатты кейбір тастар қан қысымын жоғарылатып, миға қан құйылуына дейін апарып соқтыруы мүмкін дейді ғалымдар. Сіз тек гауһар (бриллиант) тастардың әшекейлерін ғана тағуға құмар болғаныңызбен, сіздің тумысыңыз Шолпан шоқжұздызына сәйкес келмесе, тері аурулдарына ұшырауыңыз мүмкін. Ал зүбәржат (изумруд) тас адамның жас қалпын ұзақ сақтауына, сабырлы болуына көмектеседі.
Бойына таңғажайып қуатты шоғырландырған шөкімдей түйір тастың қатерлі дерт пен әйелдердің бедеулігін жазып жіберетін тылсым күшін екінің бірі біле бермейді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив