KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Соңғы 3 жылда теңге ең тұрақты валюта болып отыр - ҚР Ұлттық банк төрағасы

13.02.2012, 18:00 163


2009 жылдың ақпаны мен 2012 жылдың ақпаны аралығында теңге ең тұрақты валюта болды.

Ұлттық банк Басқарма төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай айтты.

«Валюталар айырбастау бағамында АҚШ долларына шаққанда теңгенің құбылмалығы төмен болды. Ол 2,3 пайызды құрады. Бұл Австралия долларында - 17,8 пайыз, Канада долларында - 13,8, рубльде - 13,4 пайыз, еурода -13,2 пайызды, иенде 12,8 пайызды құрады»,- дейді Г. Марченко. Оның айтуынша, бұл елдердің бәрі жеткілікті деңгейде шикізат бағасына тәуелді. Ұлттық банк 2009 жылы ақпанда теңгенің бір сәтті девальвациясын жүргізді. Бұл шара валюта нарығындағы ахуалды айтарлықтай тұрақтандыруға, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін қолдауға, елдің төлем балансының жай-күйін жақсартуға және алтынвалюта резервтерін сақтауға мүмкіндік берді.

ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив