KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Қазақстандықтар енді СТС арнасының халықаралық нұсқасын көре алады

8.02.2012, 18:00 232


Ресейлік "СТС Медиа" медиа-компаниясы Central Asia Media Distribution компаниясымен ұзақ мерзімді эксклюзивті келісімшарт жасалғандығын хабарлайды.


Келісімшарттың мақсаты - СТС арнасының халықаралық нұсқасы - СТС-International арнасын Қазақстанның кабельдік және спутниктік желілерінде көрсету. 2012 жылдың 1-ақпанынан бастап бұл арнаны Digital TV және Icon TV пакеттеріне қосылған көрермендер тамашалай алады. Жуықта СТС-International арнасын ID TV абоненттері де көре алатын болады.

"Қазақстанда ақылы телевидение нарығы қарыштап дамып келеді. Соңғы ресми мәліметке сүйенсек, әлеуетті аудитория 500 мыңнан астам үйді құрайды", - дейді "СТС Медиа" бас директорының міндетін атқарушы, қаржылық және операциялық мәселелер жөніндегі бас директордың орынбасары Борис Подольский.

Мәлімет көзі: Тengrinews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив