KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Қазақстанда мұражайлар туралы веб-сайт іске қосылды

7.02.2012, 18:00 168


Алматыда British Council халықаралық ұйымы «Мұражайларды модернизациялау» жобасы аясында қазақстандық мұражайлар туралы үш тілді веб-сайтты іске қосты.

Аталмыш шараның салтанатты рәсімі кеше Алматыда аталып өтті. Шараға мұражай өкілдері, ұйымның әріптестері мен серіктестері, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.


«Мұражайларды модернизациялау» жобасы аясында дүниеге келген жаңа www.kazakhstan-museums.com веб-сайтында енді еліміздегі 30-дан аса мұражайлар туралы ақпараттар, ондағы құнды экспонаттардың фотосуреттері, сондай-ақ, саяхатшыларға арналған анықтамалық ақпараттар салынатын болады.

British Council ұйымының директоры Лина Милошевич тұсаукесер барысында: «Бұл екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға және елдің үш тілді саясатын қолдауға бағытталған жоба Қазақстанның туристік қызмет сапасын арттыруға ықпал етіп қана қоймай, казнеттің дамуына өз әсерін тигізеді деп санаймыз. Сайт әлемдегі барлық ғаламторды қолданушылар мен саяхатшыларға елдің бай тарихи және мәдени мұраларын таныстыру, сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық беделі мен танымалдылығын арттыру мақсатында арнайы ағылшын тілінде жасалып отыр»,-деп атап өтті.

Оның айтуынша, сайтқа 2012 жылдың соңына дейін әлі 50-ден аса мұражай туралы ақпараттар енгізілмек. Сондай-ақ, ол мұражайлар жөніндегі ақпараттар кітапша түрінде басылып шықпақ.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив