KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
471.83 505.66 5.4

Семей-Алматы тасжолында КАМАЗ өртеніп, жүргізушісі күйікке шалынды

6.02.2012, 18:00 167


«Семей-Алматы» тасжолында, жанар-жағар май құю бекетінің маңында «Камаз» жүк автокөлігі өртеніп, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Altaynews.kz.

Автокөлік тұрған мезетте кабина салонының іші, орындықтар, аспаптар панелі мен құжаттар жанып кеткен. Оқиға орнына жеке құрамның 12 қызметкері 4 минуттың ішінде келген. Абырой болғанда, Өскемен қаласының тұрғыны, «Камаз» жүргізушісі аман қалды. Қолы мен бетін күйік шалған ол бүгінде Семейдің медициналық жедел жәрдем ауруханасының күйік бөлімшесінде емделуде.


Жарты сағаттан кейін өрт сөндірілген. Өрттің шығу себебі аса қауіпті агрегатты абайламай қолданудан болып отыр. Жалпы аумағы 4 шаршы метрді құрады. Өрт шығыны анықталып жатыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив