KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

«Қазақстандық дербиде» «Сарыарқаның» мерейі үстем болды

29.12.2018, 13:53 144


«Торпедо» сүреңсіз нәтижелер көрсетуін жалғастыруда. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясындағы 2018 жылдағы соңғы кездесуін өз айдынында қарағандылық «Сарыарқамен» өткізген өскемендік ұжым 0:2 есебімен жеңіліс тапты.


Бір айта кетерлігі, бұл ойынды жерлестеріміз бас бапкерінсіз өткізді. Белгісіз себептерге байланысты «Торпедоның» бас бапкері Мисхат Фахрутдинов матчқа да, одан кейінгі баспасөз мәслихатына да қатысқан жоқ. Команданың «қазақстандық дербиде» жеңіліс табуына осы жайт та әсер еткендей. Торпедолықтар қанша шабуылдаса да, қарағандылық команданың қақпасына бірде-бір шайба соға алмады. Ал қонақтар болса, Александр Печурский қорғаған қақпадан бір емес, екі рет саңылау тапты. Бұл екі шайбаны да жақында ғана «Торпедо» сапынан «Сарыарқаға» ауысқан Кирилл Тамбиевтің пасын сәтті пайдаланған Павел Махановский соқты.


Осы жеңілісінен кейін қоржынында 41 ұпайы бар «Торпедо» тағы бір сатыға сырғып, жарыс кестесіндегі 16-шы орынға тұрақтады. Келесі кездесуін жерлестеріміз 9 қаңтар, сәрсенбі күні Новокузнецк қаласында жергілікті «Металлургпен» өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив