KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, З
489.36 533.45 4.99

«Арландар айқасынан» 15 жүлде алып қайтты

1.12.2018, 12:32 96


Талдықорған қаласында қазақ күресінен өткен ардагер спортшылар арасындағы ел біріншілігінде шығысқазақстандық балуандар 15 жүлде жеңіп алды.


«Арландар айқасы» деген атауға ие болған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жасы 35 пен 60 аралығындағы экс-спортшылар қатысқан. Бір айта кетерлігі, додада біздің облыстың атынан сынға түскен 15 балуанның түгелі де жүлдегер атаныпты. Атап айтсақ, бәсеке қорытындысы бойынша біздің арландар алты алтын, бес күміс және төрт қола медальға ие болды.


– Жарыс өтте тартысты өтті. Мен ең жоғары жас санатында өнер көрсеттім, яғни 55 пен 60 жастағылар бәсекесіне қатыстым. Қарсыластарымның арасында бұрындары талай әлемдік додаға қатысқан танымал спортшылар да болды. Сондықтан өз жетістігіме көңілім толады, – дейді біріншілікте топ жарған күршімдік Қайрат Түлкібаев.


Айта кетейік, елімізде мұндай жарыс алғаш рет өткізіліп отыр.


Ұйымдастырушылар болашақта «Арландар айқасының» аясын кеңейтіп, дәстүрлі додаға айналдыруды көздейтінін жасырмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив