KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Шығысқазақстандық балуандар Ақтөбеден төрт жүлде алып қайтты

27.03.2018, 14:08 141

Балуандарымыз Ақтөбе қаласында өткен еркін және әйелдер күресінен 1998-2000 жылдары туған спортшылар арасындағы ел біріншілігінде төрт жүлдені қанжығаларына байлады.


Әсіресе, Асқар Мұқашев жаттықтыратын еркін күрес шеберлері ерледі. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен екі бірдей спортшымыз финалға шығып, тартысты белдесуде Шыңғыс Мұхаметқалиевтен айласын асырған Диас Асқаров ел чемпионы атағына қол жеткізді. Ақтық сынға іркілмей жетіп, жарыс жеңімпазы атанған тағы бір жерлесіміз Айбар Жылқайдаров болды. Ол салмағы 79 келіден аспайтын балуандар бәсекесінде қарсылас шақ келтірмеді.


Сондай-ақ, 57 келіге дейінгі қыздар сайысында өнер көрсеткен Төлеген Бейсембаевтың шәкірті Құралай Нұрмұхаметова қола медальға ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив