KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

«Алтайдың» Әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

15.11.2018, 03:12 148


Халықаралық волейбол федерациясы алдағы желтоқсан айында Қытайда жалауын желбірететін қыздар командалары арасындағы клубтық Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімін өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Белгілі болғандай, жаһандық доп додасына қатысатын сегіз команда екі топқа бөлініп өнер көрсетпек. Олардың қатарында өскемендік «Алтай» командасы да бар.


Осы ретте, келесі кезеңге әр топтан екі командадан шығатынын айта кеткен орынды.


Естеріңізге салайық, биылғы Әлем біріншілігі 4-9 желтоқсан аралығында Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Шаосин қаласында өтеді. Төменде оқырман назарына жарыстың топтары мен «Алтай» командасының ойындар кестесін ұсынып отырмыз.


A тобы


«Минас Тенис» (Бразилия) – Оңтүстік Америка құрлығының чемпионы;

«Вакыфбанк» (Түркия) – Еуропа Чемпиондар лигасының жеңімпазы;

«Волеро Ле Канне» (Франция) – wild card (арнайы шақырту);

«Чжэцзян» (Қытай) – жарыс иелері.

В тобы


«Алтай» (Қазақстан) – wild card (арнайы шақырту);

«Экзачибаши Витра» (Түркия) – wild card (арнайы шақырту);

«Дентил Прайя» (Бразилия) – wild card (арнайы шақырту);

«Суприм Чонбури» (Тайланд) – Азия чемпионы.


«Алтай» команадасының ойындар кестесі:


4 желтоқсан, сағат 13:00, «Экзачибаши Витра» – «Алтай»;

5 желтоқсан, сағат 6:00, «Дентил Прайя» – «Алтай»;

7 желтоқсан, сағат 6:00, «Суприм Чонбури» – «Алтай».

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив