KZ
Өскемен
+19°
дождь жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Өскеменде Денис Тенді еске алуға арналған жарыс өтті

20.10.2018, 12:26 131


Өскеменде Street Workout бойынша «Рухты Шығыс» деп аталатын жастар арасындағы облыстық турнир өтті. Оған өңірдің аудандары мен қалаларынан келген 14 пен 16 жас аралығындағы 50-ге жуық спортшы қатысып, облыс әкімінің жүлдесін сарапқа салды.


Осымен екінші рет облыстық ішкі саясат басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» мұрындық болуымен ұйымдастырылып отырған доданың биылғысы талантты спортшы, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, отандасымыз Денис Тенді еске алуға арналды.


– Спортшылар барлығы бес сайыс түрінен өзара мықтыны анықтады. Біріншілікке ұлдармен қатар, қыздар да қатысуға мүмкіндік алды. Жалпы, жарыстың аса тартысты өткенін айтқым келеді. Ал турнир қорытындысына келер болсақ, жалпыкомандалық есепте бірінші орын мен облыс әкімінің жүлдесін өскемендік спортшылар жеңіп алды. Биылғы бәсекеде, сонымен қатар Семей және Риддер қалаларының командалары да жақсы нәтиже көрсетті, – дейді жарысты ұйымдастыру комитетінің мүшесі Игорь Романюк.


Биылғы турнирде әсіресе, соңғы кездері аталған спорт түрінен айтарлықтай табыстарға жетіп жүрген өскемендік Мұхамед Жомартов пен Элена Золотухина ерекше көзге түсе білді.


Жалпы, биылғы додаға қатысушылар стритлифтингтің «Классик», «Мультилифт», «Фристайл» сынды бес дисциплинасы бойынша сынға түскенін айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив