KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

ШҚО-да рұқсатсыз қиыршық тас алынып келген бірнеше карьер анықталды

15.10.2018, 08:36 224


Құрылыс нысандарының дені Өскемен мен Семейде орналасқандықтан қиыршық тас, құм сияқты пайдалы қазбалар сол қалалардың аумағынан немесе маңынан заңсыз өндірілуде. Прокурорлар Өскеменде осындай 9, ал Семейде 6 рұқсат құжаттары жоқ карьерді анықтап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы облыс прокуратурасында өткен 2016-2018 жылдары жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың қолданылу мәселесі бойынша ведомствоаралық кеңесте айтылды.


Облыста 284 жер қойнауын пайдалану нысаны бар, олардың 145-і жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады. Тексеру көрсеткендей, көп жерлерде пайдалы қазбалар заңсыз өндірілуде.


– Өскемен қаласы әкімдігінің жерлерге қатысты есебінде жалған мәліметтерді анықтадық. 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін «бұзылған жерлердің алаңы» тек «787 гектар» деп көрсетілген. Ал, қала аумағындағы заңсыз карьерлер көбеюде, яғни, бұзылған жерлердің алаңы артуда, – деп мәлімдейді облыс прокуратурасының мамандары.


Сонымен қатар, осы жылдары 91 жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт міндеттерін орындамаған. Мысалы, «Мақсұт» кен орнында жез өндіретін акционерлік қоғам жыл сайын жергілікті бюджетке 50 миллион теңге аударуы керек болатын. Алайда, барлығы 10,6 миллион теңге аударған. Мұнымен қоса, жоспардан тыс өндіру көлемі 2016 жылы 97,7 пайызды, 2017 жылы 142 пайызды құраған. Қазіргі кезде барлық кәсіпорындардан сомалар өндірілуде.


Осы міндеттер, яғни аумақты дамыту үшін бюджетке аударымдар енгізу міндеті 60 келісімшартта мүлде қарастырылмапты. Мысалы, кәсіпкерлік басқармасы бір серіктестікке 2032 жылға дейін аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытуды міндеттемей, «Қызыл Адыр» кен орнын игеру құқығын берген. Қазір сол шартқа қосымша келісім жасалуда.


– Сондай-ақ, Өскемендегі Ахмер кен орнында қиыршық тас, Аблакетка кен орнында дироит өндіру кезінде келісімшарт аумағынан тыс жер қойнауын өндіру деректері анықталды. Екі факт бойынша тергеу жүргізілуде. Облыста осы тектес 7 бұзушылық анықталған, Семейде – 4, Ұлан, Зырян, Бородулиха аудандарында – бір-бірден, – дейді прокуратура қызметкерлері.


Тексеру қорытындысы бойынша прокурорлар уәкілетті органдарға заң бұзушылықтарды жою туралы 5 ұсыным жолдады, 12 жер қойнауын пайдаланушы әкімшілік жауапқа тартылды, кәсіпорындар бюджетке 45 миллион теңгеден астам міндеттемелерді қайтарды, өндіру жұмыстары әлі де жалғасуда

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив