KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО-дағы Тулар мемлекеттік стандарттарға сай болмай шықты

10.10.2018, 11:54 57


Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстағы департаментінің қызметкерлері сатылымда тұрған 23 мемлекеттік Туға арнайы мониторинг жүргізген. Тексеру барысында анықталғандай, Тулардың этикеткасы болмаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кәсіпкер көрсеткен құжаттар бойынша тауар өндірушінің лицензиясы Алматы қаласындағы «Art Express» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі екен. Мамандар жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша тексерілген Тулар мемлекеттік стандарттарға сай болмай шықты. Атап айтқанда, жалаудың көгілдір түсі, күн, тік жолақ тиісті стандарттарға сәйкес келмейді.


Департамент басшысы Бақытхан Құнафияновтың айтуынша, метрологиялық бақылау саласында жиі кездесетін заңбұзушылықтардың бірі – тексерістен өтпеген өлшеу құралдары. Жуықта ғана департаментке жанар-жағармай станциясының жанармайды кем құятындығы жөнінде шағым түскен.


Мемлекеттік инспекторлар тексере келе жанармай құятын колонка уақытында тексеруден өтпей, пайдаланылып тұрғанын анықтады.


Кәсіпкерлік кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты қазір аталмыш департамент орын алған заңбұзушылықтарды тексеріп қана қоймай, оның алдын алу шараларын жүргізіп, қадағалайды. Сонымен қатар ел аумағында сынамалық таңбасы жоқ зергерлік бұйымдарды сатуға жол берілмейді. Еліміздегі асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды сату саласындағы қатынастарды реттейтін «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заң талаптарының сақталуын қадағалау үшін биыл жоспардан тыс төрт тексеріс жүргізілген. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, негізгі заңбұзушылық – сатылымдағы бағалы бұйымдарда «Барыстың басы» мен «KZ» халықаралық аббревиатурасы бейнеленген таңбалық сынамалары болмаған. Жоғарыда аталған барлық заңбұзушылықтар бойынша жеке кәсіпкерлер 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив