KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Халықаралық агенттік семейлік онкологтердің білімін шыңдауға көмектеседі

3.10.2018, 09:30 286


Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығының қызметкерлері, Венадағы Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктікке (МАГАТЭ - АЭХА) жұмыс сапарымен барып қайтты.


Сапар аясында 2019 жылға арналған Ұлттық жобаның жоспары әзірленді. Ол Қазақстандағы радиациялық онкология орталықтарында, жоғарытехнологиялық ядролық медицина бөлімдерін құруға бағытталған (KAZ / 6/011 “Creation of high-technology departments of nuclear medicine in the centers of radiotherapy in the Republic of Kazakhstan”). Осы жобаның негізінде МАГАТЭ, отандық мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Оның басым көпшілігі радиотерапиялық қызмет түрлеріне қатысты. Халықаралық ұйым, радиациялық онкологтерді, медицина физиктерін, сәулелік терапия технологтерін, сол секілді радиациялық онкология бөлімінің медбикелері мен қолданбалы радиобиология мамандарын дайындауға жәрдемдеспек.


Келер жылы Қазақстандағы 5 онкологиялық орталықтың қызметкерлерін оқыту көзделген. Мәселен отандық ақ халаттылар, брахитерапия әдістерін қолданудың амалдарына қанығатын болады. Оқыту курстары командалық, яғни ұжымдық түрде ұйымдастырылады (дәрігер, медицина физигі және сәулелік терапия технологі).


Ал 2019 жылдың үшінші тоқсанында ұлттық тренинг өткізілмек. Оған брахитерапияны қолданатын барлық сәулелік терапевтер тартылады деп жоспарлануда. Бұған қоса ядролық медицинаны дамытуға арналған аймақтық жоспар дайындалды. Ол Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығының базасында жүзеге асады.


Негізгі басымдықтар, халықаралық стандарттарға сәйкес ядролық медицина талаптарын үйлестіру (QUANUM), ядролық медицинаның жаңа технологияларын енгізу (радионуклидтік диагностика және терапия, тераностика), сондай-ақ ЯМжОО негізінде ядролық медицина қызметкерлеріне арналған  құзыретті орталықты құру бағыттарына беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив