Өскемендік жастар аллеяны қиратып кетті
Өскемендік жастар Гагарин бульварындағы аллеяны қиратып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Өскемен-тәртіп» мекемесінің қызметкерлері таң атпай «қоғамдық орынды» тәртіпке келтіруге мәжбүр болды.
– Үнемі осылай... Кейде қоқыс жинау былай тұрсын, сынған плиталарды ауыстыруға тура келеді. Сондай-ақ ұдайы аялдамаларды жөндейміз, – дейді «Өскемен-тәртіп» мекемесінің баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова.
Белгілі болғандай аталмыш мекеме қызметкерлері бірқатар жерлерде тәулік бойы кезекшілік атқаруға мәжбүр. Алайда осының өзі жеткіліксіз болып отыр. Қызметкерлер жаппай камера орнатылған жағдайда ғана жастар жөнге түсе ме деп үміттенеді.
«Өскемен-тәртіп» баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қала әкімдігімен бірге осы мәселе төңірегінде бірқатар жұмыстар жоспарланған. Алайда камералардың қашан, қайда қойылатынын айтуға болмайтын көрінеді.