Семей полигонының жері Барнаулда сатылымға қойылды
Барнаулдың тұрғыны интернет-дүкенге ерекше жәдігерді саудаға шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Newtimes.kz сайтын сілтеме жасап.
Көлемі түймедей болатын қорытылған топырақтың құны 1 млн рубльге бағалануда. Ресейліктің сөзінше, аталмыш жердің бөлшегі бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонынан алынған.
«Талғампаз коллекционерлерге арналған. Мұражайғада жарамды. Линзаның ішіне харитон заты (қорытылған топырақ) салынған», - делінген интернет-дүкенінде жарияланған жарнамада.
Дереккөздерге сүйенсек, жәдігердің иесі Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталыққа қарасты радиациялық қауіпсіздік және экология институтында он жыл көлемінде қызмет еткен көрінеді. Ал кәдесыйды оған мекеменің директоры тарту етіпті.
-Мұндай экспонаттың саны үшеу. Олар өте қымбат. Біреуі директорда, екіншісі орынбасарында. Ал соңғысы менің қолымда, - дейді бағалы заттың қожайыны.
Әйтсе де барнаулдық, кәдесыйдың бағасын 700 мың рубльге дейін түсіруге әзір екен.
Дереккөз: NEWTIMES.KZ