KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Қазақстанда «туристік полиция» құрылуы мүмкін

24.09.2018, 09:49 164


Қазақстанда «туристік полиция» құрылуы мүмкін. Ұсынысты еліміздің Ішкі істер министрлігі тастап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Олар туристермен тікелей жұмыс істейді. Бұл тұрғыда өзге де тиісті қызметтер ескерілмек. Қазіргі таңда халықаралық тәжірибені зерделеу үстіндеміз, – дейді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.


Жалпы туристерге қатысты құқыққорғау органдары қызметкерлерінің әдебі мен мәдениеті бойынша сыни пікірлердің жиі көтеріліп жүрген белгілі. М.Қабденов бұл пікірді жоққа шығармаса да, жаппай сипатқа ие емес екендігін атап өтті.


– Негізінен қызметкерлердің іс-әрекетіне қатысты теріс пікірлерге қарағанда, оң көзқарастың үлесі басым, – деді Мұрат Қабденов.

Ендеше, бұл сөздің айғағатала түсуіне алдағы уақытта құрылатын ерекше орган мүмкіндік бермек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив