Қазақстаннан қайтқан «Барселона» футболшылары жаппай ауырып қалды
Испания әйелдер чемпионатының 2 туры аясындағы Барселона-Леванте матчы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өткен аптада әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының аясында «Барселона» қазақстандық «БИИК-Қазығұрт» командасымен кезіккен болатын. Естеріңізде болса, матч отандастарымыздың жеңісімен аяқталған.
Сапардан қайтқан испандық ойыншылардың асқазаны қабынғанын айтқан дәрігерлер. Бұл ауру негізінен шикі тамақ немес жуылмаған жеміс-жидек тұтынған кезде пайда болатын көрінеді.
Енді 16 қыркүйекті өтуі тиіс болған Барселона-Леванте матчы кейінге қалдырылды. Дегенмен нақты уақыты әлі белгіленген жоқ.
Айта кетейік, Барселона және БИИК-Қазығұрт арасындағы қарымта матч 26 қыркүйекте өтеді.