KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Кеншілер отбасында бір көзді сәби дүниеге келді

17.09.2018, 11:03 124


Индонезияда түр-келбеті адам шошитын нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Mirror басылымына сілтеме жасап.


Салмағы 2,2 келі болып туылған қыз баланың түрі грек мифологиясындағы "Циклоп" тәрізді: маңдайында бір көзі бар, мұрыны жоқ. Дегенмен, сәбидің басқа органдары сап-сау.


Бұл Атана Ариянто мен оның жұбайы Суриянтидің отбасындағы бесінші бала екен. Жүктілік кезінде Суриянти УДЗ (УЗИ) өтпеген көрінеді. Сондықтан ішіндегі баланың мұндай туа біткен ауытқуларынан мүлде бейхабар еді. Балаларын көріп, зәресі ұшқан ата-ана ұзақ уақыт бір бөлмеге кіріп алып, шықпай отырған деседі.


Ал ол кезде дәрігерлер жаңа туған сәбидің өмірі үшін күрес жүргізді. Нәресте бірден жансақтау бөліміне жіберіліп, жағдайы бақыланып отырды. Алайда сол түні сәби шетінеп кетіпті.


Медицина мамандарының пайымдауынша, сирек кездесетін мутацияға сынап пен қызамық вирусы әсер еткен. Баланың ата-анасы сынаптың буымен уланатын шахтада жұмыс істейді екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив