KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
488.45 529.19 5.04

ШҚО-да жыл басынан бері  1776 пәтер тоналған

13.09.2018, 06:32 101


Шығыс Қазақстанда құжатсыз телефон сатқан 15 адам жауапқа тартылған, деп хабарлайды Алтайнюс тілшісі.


Облысты прокуратура биылғы жылдың жеті айында жасалған ұрлықтар санына талдау жасапты. Жыл басынан бері  1776 пәтер тоналып, 1708 ұля телефон қолды болған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен әлдеқайда төмен көрінеді. Прокуратураның баспасөз мәліметіне сенсек, ұрлық фактілерінің азаюына ұрланған заттардың саудасына тыйым салу шаралары әсер еткен.


-Жыл басынан телефондарды тиісті құжаттарсыз сатқаны үшін 15 адам жауапқа тартылды. Ұрланған телефонды сатып алушылар азайғандықтан, қылмыстың бұл түрі де азая түскен. Сондай-ақ, 600-ден астам пәтер ұрысы ұсталды.


Олардың көбі топтанып ұрлық жасаған. Мысалы, Өскемен қалалық №2 сотында 15 пәтер тонап, 20 млн теңгенің бағалы затын ұрлаған топтың ісі қаралуда, дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Әсел Момынжанова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив