KZ
Өскемен
+23°
небольшой дождь жел 3 м/с, В
471.46 504.79 5.53

Көкпекті ауданына оңтүстіктен 10 отбасы көшіп келе жатыр

4.09.2018, 04:50 376


Көшбасы Серғазы Омар ақсақал бастаған отандастарды аудан əкімі Асхат Смаилов қабылдады. Аудан әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары, ауыл əкімдері, дербес бөлім басшылары қатысқан жиында ауданға қоңыс аударуға ниетті отбасыларға ұсынылар игіліктер мен мүмкіндіктер жан-жақты сараланды.


- Қолдан келген барлық көмек пен қолдауды аямаймыз. Отбасы мүшелеріне мамандығына сай жұмыс ұсынамыз. Кəсіп қылам дегендерге қолдау болады. Мал өсіріп, егін егемін дегендер болса жер беруге дайынбыз, - деді Асхат Сайдахметұлы.


Бүгінгі күні Түркістан облысының Қаратал ауданында тұратын 10 отбасы Көкпекті ауданына қоңыс аудармақ. Елмен танысып, жер көріп, тұрақты мекен тандайық деп келген 5 азамат ауданның Ажа, Биғаш, Қарғалы, Егінбұлақ, Көкжыра ауылдарын аралады.


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында Оңтүстік өңірден қоныс аударғандарға мемлекет тарапынан көмек те қолдау да жоғары деңгейде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив