Жүрмейтін көлікке де салық төлене ме?
– Жол-көлік оқиғасынан кейін жекеменшік көлігім сынып тұр. Қазір пайдаланып жүрген жоқпын. Сұрағым, жыл сайынғы көлік салығын төлеуге міндеттімін бе?
Асхат Манапов,
Риддер
Сауалға облыстық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Сергей Коваленко жауап береді:
– Иә, Сіз әзірше аталған көлік құралының иесі болып табылғандықтан және Қазақстан Республикасының жол полициясы басқармасы органдарында тіркеу есебінде тұрғандықтан аталмыш көлік үшін тиісті жылға салық төлеуіңіз керек.
Оқи отырыңыз