KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1,3 м/с, В
443.35 475.54 4.82

Өскеменнің "жылы" аялдамалары неге суық?

26.12.2018, 10:33 160



Өскемендегі жылы аялдамалардың жайы фейсбук әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылардың бірі Сымбат Рамазан өз парақшасына жылы аялдамалардың суық екендігін жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.



– Облыстық балалар ауруxанасы аялдамасында тұрмын. Сағат 9.32. Автобусты тоса-тоса тоңған xалық аялдаманың сол жағындағы дүңгіршегіне кіріп жатыр. Мен де бүрсеңдеп бардым. Бірақ ішінде тұра алмадым. Жылы аялдаманың іші сырттағы ауамен бірдей. Ішіндегі пеші істеп тұрған жоқ. Терезелері қыраудан көрінбейді, - дейді ол.


Одан бөлек бұл аялдаманың күтім жоқтықтан кетеуі де кеткендігін айтып, желі қолданушысы аялдаманың суреттерін де жүктепті.



– Бұл дүңгіршек – өткен қыста "теплые остановки" деп жар салып жасалған аялдаманың бірі. Іші қоқысқа толған... жағымсыз иіс... Қоқыстың көптен бері алынбай жатқандығы бірден байқалады. Бейнебақылау камерасы орнатылыпты, оны кім көріп отыр? – деп ашынған Сымбат мырза халық қалаулыларына жүгініпті: – Бәлкім қалалық мәслиxат депутаттары бұл мәселенің жылдам шешілуіне ықпал ететін шығар.


– Ертең бұл аялдамаға тағы барамын, - деп аяқталған оның жазбасы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив