KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Мамандар өскемендік студент қыздарға контрацепция әдістерін үйретті

24.10.2018, 12:25 118



«Нұрсалауат» жастар денсаулығы орталығының мамандары өскемендік студенттерге репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Гедеон Рихтер» компаниясының маманы Д. Хисаметдинова қыздарға арналған семинарда отбасын жоспарлау қажеттігі туралы хабардар етіп, контрацепция әдістерін үйретсе, Семей медицина университетінің урологы Р. Исаханов жасөспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері туралы айтты. Студенттер жыныстық жолмен берілетін аурулардың түрлері және олардың алдын алу туралы біліп, өз сұрақтарына сауатты жауап ала алды дейді ШҚМУ баспасөз қызметі.


Атап өтерлігі, «Нұрсалауат» орталығы 14-29 жастағы тұрғындарға гинеколог пен урологқа АНОНИМДІ ЖӘНЕ ТЕГІН келуді ұйымдастырады. Толық ақпарат алу үшін 8-ден 17-ге дейін 208-445 телефонына қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив