KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Семейлік студенттер сирек жуынып, нашар тамақтанады

21.09.2018, 03:33 176



Арнайы комиссия Семей қаласындағы бірнеше жатақханада тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көптеген студенттердің нашар тамақтанып, сирек жуынатыны анықталып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеді. Арнаның ақпаратына сүйенсек, 16 мың теңге шәкіртақы алатын жастар, бөлмеге 14 мың теңге төлейді. Ал жатақхананың жай-күйін көрген қоғам белсенділері мен мемлекеттік қызмет бойынша агенттіктің өкілдері жағасын ұстап отыр. Ортақ ас бөлме немесе асхана мүлдем жоқ. Келесі бір студенттер үйінен тоңазытқыш пен кіржуғыш машина да табылмайды. Ал жуыну үшін әр жолы 150 теңге төлеуге мәжбүр шәкірттер. Сондай-ақ тәрбиешілер мен кезекшілердің жетіспейтінін аңғарған екен арнайы комиссия өкілдері.


– Ең сорақысы, жатаханаларда ешқандай келісім шартсыз, бұйырқсыз жұмысқа кірген кезекшілер бар. Демек олардың жалақысы, жауапкершілігі туралы сөздің де болмағаны анық. Көріп тұрғандарыңыздай, кезекші болып жап-жас қыз отыр. Қандай да бір жағдай болса ше? Меніңше, бұл оқу орны басшылығының кемшілігі, – деді комиссия мүшесі Николай Исаев телеарнаға берген сұхбатында.


Білім мекемелерінің басшылары бір айдың ішінде жағдайды түзете алады. Олай болмаған жағдайда сөгіс алуы мүмкін ол басшылық.


КТК-ның айтуына қарағанда, баспанасынан айырылып қалудан қорыққан студенттер осы уақытқа дейін ешқайда шағымданбай келген.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив