KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Семейдегі жатақхана тұрғындары жылу мен жарыққа 3 млн. теңге шамасында берешек

15.08.2013, 18:00 144


Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов шаһардың Дулатов көшесіндегі 206 «Б» мекенжайында орналасқан көпқабатты жатақхананың бүгінгі жағдайымен танысты , деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Кезінде аты алысқа жайылып, дүркіреп тұрған аяқ киім фабрикасының жатақханасы болған бұл нысанның бүгінгі жағдайы аса мәз емес. Жатақхана тұрғындары жылу мен жарыққа 3 млн. теңге шамасында берешек. Жатақханада 169 бөлме болса, соның 102-нің нақты иесі бар. Ал, қалған бөлмелері жекешелендірілмеген. Жатақхананың тұрғындарының көпшілігі күн көрісті базардан тауып жүрген жандар. Кейбіреулері мұндағы пәтерлерде жалға тұрып жатыр. Бірақ, тұрғындарда ортақ көзқарас жоқтың қасы. Жылу мен жарықтың қаржысын төлеу жайлы сөз қозғалса «жалт» бұрылады.

Қала басшысы тұрғын үй инспекциясы мен ТҮКШ бөлімдері басшылары мен басқа да жауапты тұлғаларға орын алған олқылықтар бойынша тапсырмалар жүктеп, арнайы уақыт белгілеп, тұрғындармен өзі арнайы келіп кездесетіндігін мәлімдеді.

Ерзат Жанатұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив