"4 коммуналдық қызмет - 1 дербес шот" Тек Өскемен тұрғындары үшін
Өскемендіктер үшін 4 коммуналдық қызметтің бірыңғай жаңа дербес шоты жасалды. Енді тұрғындар түбіртектерді бір мезгілде бірыңғай бланкіде алатын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазпоштаның жергілікті филиалы Жылу желілерімен, Су каналымен және Қазақтелекоммен келісім-шарттар жасады. Енді осы ұйымдардың түбіртектерін қала тұрғындары бір мезгілде бірыңғай бланкіде алатын болады. Сондай-ақ оларды бірге төлеуге болады, яғни комиссияны тек бір рет ғана төлейді. Айта кетейік, Қазпошта бөлімшелерінде комиссия төлемі – 150 теңге, зейнеткерлер үшін – 50 теңгені құрайды. Ал post.kz сайтында комиссиясыз екеннін естеріңізге саламыз.
Сонымен қатар, ескі дербес шоттар жойылмайды, бұрынғыдай жұмыс істей береді. Тек алдымен 4 қызметке арналған бір түбіртекті алуыңыз керек.
Бірақ Қазпошта филиалының өкілдері өскемендіктер бұл жаңалықты қуана қабылдайды деп сенім білдіріп отыр. Олардың айтуына қарағанда, төлем туралы бір құжатты бірнеше құжаттан әлдеқайда оңай алуға болады. Айтпақшы, аталмыш жүйеге тағы бірнеше ұйым қызығушылық танытқан екен. Алдағы уақытта тұрғындар кабельдік теледидар мен ПИК қызметтерін де бір шот бойынша төлеуі мүмкін.