KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
491.71 529.97 5.05

Семейде әйелін боқтаған отағасы қамауға алынатын болды

7.09.2018, 04:01 84



Семей қаласының тұрғыны отбасында жанжал шығарып, жұбайын балағаттаған. Осы себепті әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Семей қалалық арнайымамандандырылған әкімшілік соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ер азамат бұған дейін де осындай әрекеттерге барған. Алғашында тұрғын бұл әрекеті үшін қорғау нұсқаулығын алыпты. Ол бойынша азаматтың әйелін іздеп-баруға, онымен сөйлесуге, телефон арқылы хабарласауға және физикалық немесе психологиялық зиян шектіруге құқы жоқ еді. Алайда ескертеуді елемеген отағасы екінші рет отбасының шырқын бұзып, нәтижесінде сот шешімімен 461 бап бойынша кінәлі деп табылды.


Енді бейпіл сөйлейтін азамат үш күн қамауда болады. Сот шешімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив