KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Бұқтырма су қоймасының 60,5 пайызы толған

Фото: Аяужан Утеулинова

9.04.2024, 15:00 176 Ләззат Қанатқызы

Қазір Бұқтырма су қоймасы 60,5 пайызға толды. Бұл туралы Ертіс бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ернар Мадиев айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-    Су қоймасында 29,998 миллион текше метр су бар. Яғни бұл ондағы жалпы су көлемінің 60,5 пайызы. Су қоймасының сыйымдылығы 19 748 текше км. Синоптиктердің болжамынша, алдағы уақытта мұнда 14 миллион текше км су жиналады деген болжам бар. Қазір гидротехникалық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр.  Ешқандай қауіп жоқ, - деп атап өтті Ернар Мадиев.

Айта кету керек, былтыр Бұқтырма су қоймасында су 49 пайызға дейін төмендеген. 
Естеріңізге сала кетейік, өңірдегі су тасқыны жағдайына байланысты облыс әкімдігіне күнделікті баспасөз брифингі өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив