KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскемендік оқушы әлем кубогінде қола жүлдегер атанды

6.07.2024, 17:29 53 Анель Слямғазықызы

Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 “В” сынып оқушысы Бидахмет Нұрислам Болгарияда өткен әлем кубогінде “Киокушинкай-кан каратэден” қола жүлдегер атанды. 

Нұрислам 7 жасынан бастап Киокушинкай каратэ түрімен айналысады. Осы уақытқа дейін Қазақстан чемпионаттарында, халықаралық чемпионаттарда, Азия чемпионаттарында жүлделі орын алған талантты жас спортшы, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.


Ол енді Болгария мемлекетінің Варна қаласында өткен Әлем чемпионатының 70 келі салмақ дәрежесінде қатысқан Нұрислам қола жүлдені еншілеп отыр. 

- Әлем чемпионатына біртіндеп 13 жасымнан дайындық жұмыстарын жүргізіп бастадым. Осы, Болгарияда өтетін жарысқа ақырғы екі ай қатарынанкүрделі дайындық өтті. Үміт күткендей, жаттықтырушымның, әке-шешемнің, туғандарымның үмітінақтауға барымды салдым, солардың қолдауымен жүлделі 3 орынға ие болдым. Осындай үлкен жарыста Қазақстан туынжелбіретіп, педисталда турсам деген арманым болатын, - дейді жүлдегер Нұрислам Бидахмет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив