KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Тілдерді дамыту басқармасы: "ШҚО-ның 81 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейді"

22.02.2019, 03:18 171

Өңір халқының 81 пайызы мемлекеттік тілді меңгеріп алды деп есеп берген облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов облыс әкімінің сынына ұшырады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Басқарма басшысының айтуынша, облыстағы сегіз ауданның халқы қазақ тілін жүз пайыз меңгеріп алған (мұның барлығы жүз пайыз қазақтар тұратын аудандар). Бұдан бөлек облыс тұрғындарының 81 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлесе, 5 пайызы ағылшын тілін меңгерген. Тұрғындардың 4 пайызы үш тілде еркін сайрап тұр.


– Мұндай көрсеткішті қайдан алғансыз? 81 пайыз дейсіз – қайда ол адамдар. Онда жағдай басқаша болар еді. Бұл деген жалған ақпарат. Отыз мың, қырық мың адамды оқыттық дейсіздер, олар қайда жүр? Әзірге маған белгілісі, тілді оқыту деңгейінің өте төмендігі. Облыста үш жылдан бері үштілділікті енгізумен шұғылданып келеміз. Кембридж университетінің әдістемесін өзімізге бейімдедік. Елімізде бірінші болып жаңа оқулықтар кіргіздік, алайда сапа, нәтиже жоқтың қасы. Мәселен, Сіздің өзіңіз аталған әдістемемен таныспағансыз, жауап бере алмай тұрсыз. Бұл ретте облыстық білім басқармасымен бірлесе жұмыс істеуге кеңес беремін, - деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив