KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 6 м/с, С
471.83 505.66 5.4

«48 сағатта түсіру». Қазақстандағы АҚШ елшілігі қысқаметражды фильмдер байқауын жариялады

19.02.2019, 06:01 89

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы «48 сағатта түсіру» атты жыл сайын өтіп тұратын қысқаметражды фильмдер бәйгесін жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі елшіліктің ресми сайтына сілтеме жасап.


Ережеге сай, байқауға қатысушылар екі күнде 4 минуттық фильм түсіруі керек. Байқау 6-7 сәуір күндері болады. Кейін түсірілген жұмыстар барлық аймақтағы кинотеатрда көрсетіледі.


– Мен киноның Отаны саналатын Калифорнияданмын. Киноның нағыз өнер һәм қызып тұрған бизнес екенін жақсы білемін. Біздің байқауымызша, Орталық Азиядағы фильммейкерлердің әлеуеті жоғары. Оларды сынап, байқап көргіміз келеді, – деді АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Эрик Майер.


Түсірілген жұмыстар кейін барлық аймақтағы кинотеатрларда көрсетіледі. Жеңімпаз Нью-Йорктегі цифрлық кино академиясына үш рет барып ол жақтан үйреніп келуге мүмкіндік алады. Жол шығынын ұйымдастырушылар көтеріп алады.


Естеріңізде болса, былтыр байқауға 1500 үміткер қатысып, 330 кино түскен. Туындылар Қазақстандағы барлық қалада және Бішкекте көрсетілген. Сондай-ақ бірнеше байқауға да жіберілген болатын.


Байқауға қатсамын деушілер 4 сәуірге дейін онлайн тіркеле алады. Бәйгеге Орталық Азиядағы 5 мемлекеттен 18 жастан асқан кез келген үміткер түседі.


Байқау туралы ақпаратты #48hfr2019 хэштегі арқылы біліп отырасыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив