KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Оңтүстік Кореяда жалданып жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың саны өсіп барады

22.10.2018, 03:33 194

Соңғы жылдары түрлі себеппен Оңтүстік Кореяға кетіп жатқан қазақстандықтардың саны күрт өсті. Бұл елде нәпақа табуды көздеген жерлестеріміздің саны емделуге және саяхаттауға барғандармен салыстырғанда анағұрлым көп деп хъабарлайды Алтайньюс тілшісі 24 kz. сайтына сілтеме жасап.


Былтыр 46 мың қазақстандық аталған мемлекетті бетке алса, 2018 жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 39 мыңға жетіп отыр.


Алматылық Серғалым Кейков Оңтүстік Кореяға осыдан үш жыл бұрын барыпты. Елде жүргенде көлік сатумен айналысқан ол жат жерде де сол кәсіптен алыстамаған. Машина құрастыру зауытында жарты жыл еңбек етіп, тиісті қаражатқа қол жеткізген соң Қазақстанға қайтыпты.


- Жалақысының айырмашылығы бізден көп қой. Күніне 70 доллардан төлеп жүрді. Айына 2000-2500 доллар шығып жүрді,-дейді ол.

Қазақстандықтар көбінесе қызмет көрсету саласында және жоғары біліктілікті қажет етпейтін салаларда қызмет атқарады. Оңтүстік Кореяда қызмет көрсету саласындағы орташа жалақы көлемі 2 мың АҚШ долларын құрайды.


Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан азаматтары жайлы жұмыс үшін көбіне Еуропа елдері мен АҚШ-қа аттанатын. Енді бұл тізімге Оңтүстік Корея қосылды. Интернетке үңілсеңіз, жалақысы 1 миллион теңгеге дейін жететін қызмет түрлерінен көз сүрінеді.


ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында келісімшарт бар. 30 күнге дейін визасыз екі елдің азаматтары бір-біріне бара береді. Соңғы жылдары Корея тарапына ұшатын қазақстандықтар көбейіп кетті. Олар 3 себеппен барады: біріншісі – емделу, Кореяның медицинасын білесіздер. Екіншісі турист ретінде, үшіншісі, өкінішке қарай, жұмыс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу