KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Өскеменде ұрылар көшедегі көліктің төрт дөңгелегін шешіп әкетті

4.02.2019, 11:28 229

Өскеменде көлік тонағандар ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Красин көшесі 1/1 үйдің маңында тұрған ВАЗ көлігінің төрт дөңгелегін әлдекімдер шешіп алады. Осы сәтте көліктің дабылы ойнап, иесі терезеден ұрының екеу екендігін көріп қалады. Төменге түскенше олар жылыстап үлгереді.


Десе де ұрылар сонша алысқа ұзап кете алмапты. Полиция экипажы із суытпай күдіктілерді қолға түсірген.


– Ұсталған екеу 1996 жылы туған жастар екен. Үстерінен қылмыстық іс қозғалды, – деді қалалық полиция басқармасының баспасөз хатшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив