Қазақстандықтардың ипотека бойынша қарызы кешірілуі мүмкін
Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған қазақстандықтардың ипотека бойынша қарызы кешірілуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі «Астана» арнасына сілтеме жасап.
«Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің мәліметіне сүйенсек, бұл ұсыныс бүгінде қаралып жатыр екен. Осы ақпаратты Ұлттық банк растапты.
Атап айтқанда, 1 және 2-топтағы мүгедектерді, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды, мүгедек балаларды және қайтыс болған ата-анасынан ипотека қарызы қалған кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды ипотека қарызынан босату ұсынылған.
Оқи отырыңыз