KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Канадада Галышеваның жолы болмады, Рейхерд қола медаль алды

28.01.2019, 04:46 145

Канаданың Мон-Трамблан өңірінде фристайлдың могул түрінен Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды. Жарысқа қатысқан алты жерлесіміздің ішінен ең үздік нәтижені Дмитрий Рейхерд көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Былтырғы Әлем кубогының күміс жүлдегері бұл сында 83,42 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді. Дмитрий тек канадалық Микаэль Кингсбери (86,73 ұпай) мен жапондық Икума Хоришимаға (85,02 ұпай) ғана жол берді.


Аталмыш додаға қатысқан тағы бір жерлесіміз Павел Колмаков бұл жолы 16-шы орынды қанағат тұтты.


Өкінішке қарай, Канада жерінде Юлия Галышеваның жолы болмады. 2018 жылғы Ақ Олимпиаданың қола жүлдегері жарыс кезінде құлап қалып, нәтижесінде 16-шы орынға бірақ сырғыды. Шығыс Қазақстанның тағы бір өкілі Аяулым Әміренова жарысты 31-ші болып аяқтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив