KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Алғашқы ақылы ҰБТ-да 10 мыңнан астам оқушы "құлап" қалды

24.01.2019, 03:59 72

Бірінші ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Қысқы» ҰБТ-ға 34 687 оқушы қатысып, оның 24 012-сі межелеген деңгейден аса алды. 10 675 оқушы тесті сәтсіз тапсырып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мәлім етті.


Тесті мемлекеттік тілде 25 мыңнан, орыс тілінде 10 мыңнан астам оқушы тапсырды. 61 болашақ талапкер тапсырманы ағылшын тілінде орындады. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тоғыз оқушы өз білімдерін тексере алған екен.


Оқушылардың таңдау пәніне келер болсақ, сегіз мыңнан астамы «математика — физика» пәндерін біріктіріп таңдады, ал алты мыңға жуық болашақ студент «химия — биологияны» таңдады.


Айта кету керек, республикалық апелляциялық комиссияға тесттердің мазмұнына қатысты сегіз өтініш келіп түсті және оның үшеуі қанағаттандырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу