KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 6 м/с, С
471.83 505.66 5.4

Астаналықтар акциясы рекордтар кітабына енді

1.03.2012, 18:00 123


Ел Тәуелсіздігін атап өту күні ұйымдастырыл-ған жастар акциясы Гиннестің ре-кордтар кітабына енді.
Еліміздің туған күніне орай Астанадағы «Хан шатыры» ойын-сауық, сауда орталығында «ҚазБренд» қоғамдық қоры Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ауқымды акция ұйымдастырғаны белгілі.

Акция барысында елордалық жоғары оқу орындарының студенттері «Қара жорға» биін орындап, келуші қонақтарға ұлттық ет тағамынан дәм татқызды. Шараның барысын арнайы шақырылған жергілікті және халықаралық бақылаушылар тамашалапты. «Рекордтар жасау оңай емес екендігіне көзіміз жетті. Дегенмен жұмсаған күш пен қаражат ақталды. Өз дегенімізге жетіп, рекорд орнаттық!» деді «ҚазБренд» қорының директоры Евгений Рибалко.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив