KZ
Өскемен
+9°
ясно Штиль
443.44 480.51 4.88

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдайтын жүргізушілер тобы пайда болды

23.01.2019, 05:55 65

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдайтын жүргізушілер тобы пайда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Автоволонтерлер «Өскемен-Асар» атты топ құрып, әлеуметтік желілерде ортақ чат ашып, мүгедек жандарды тасымалдауды ұйымдастыруда.


Жалпы Өскеменде 11 мыңнан астам мүгедек тұрады. Олар қоғамдық көліктерге жете алмауы мүмкін немесе жеткен күнде отыруы екі талай. Мұндай адамдар үшін бұл таптырмас көмек болып отыр.


«Рухани жаңғыру» қалалық жобалау кеңсесінің мәліметінше, ерікті жүргізушілердің саны күн сайын артып келеді.


– Диспетчерлік қызмет жұмыс істейді +7 747 911 00 11 (WhatsАpp). Волонтерлік қызметке қатысу үшін жүргізуші өзі туралы толық мағлұмат беруі тиіс, сол кезде үміткер базаға енгізіледі, – дейді ұйымдастырушылар.


Олардың айтуына қарағанда, жүргізушілер көмекке бір рет немесе тұрақты негізде қатыса алады. Қазірдің өзінде еріктілердің саны 15-тен асатын көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив