Kaspi Bank карталарынан ақша жоғалып кетті
Оқиға 17 қаңтардан болды. Банктің көптеген клиенттері картадан ақшаларының жоғалғанын анықтаған екен. Бұл аздай, дәл сол күні банктің call-орталығына да ешкім қоңырау шала алмай қойған. Болған жағдайға қатысты банк әкімшілігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Айта кетсек, 17 қаңтар күні Kaspi банк пайдаланушылары карталарынан барлық ақшаларының жоғалып кеткенін айтып, шу көтерген еді. Кейбіреуінде, тіпті, картасындағы қаражат минусқа кеткенін көрсетіпті. Нәтижесінде талай адам қаражатсыз қалған.
Банк менеджерлері жағдайдың мән-жайы түсіндіріп берді. Олардың айтуынша, бағдарламада уақытша техникалық ақаулар пайда болған екен. Қазір барлық ақаулар жөнделіпті.